9.03.2016, 11:16
Оқылды: 25

Асыл жандарды ардақтау – парыз

Bokei ordasi   Қалыптасқан дәстүр бойынша аналар мерекесі қарсаныңда Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов округтерден келген бір топ асыл жандарды қабылдады.

Олардың ең үлкені ордалық Ақсұлу апа Вялых алдағы жылғы 17-ақпанда 70-ке толатын болса, ең жасы сайқындық Бақытжан Есляшева өткен күзде 40-қа толыпты.


Сайқындықтар Жұмағаным Аманжолова «Алтын алқа», Айгүл Мағзомова «Күміс алқа» иелері. Мамандықтары да сан алуан. Бисендік Мәншүк Сахипова, ұялылық Ләззат Жаниязова, мұратсайлықтар Мәстура Қабиева, Сәуле Қартқожақова, саралжындық Ақжонас Сейсенғалиева білім саласының өкілдері, бисендік Әспет Ахтарова мен ордалық Фарида Абдоллина – жеке кәсіпкерлер, ұялылық Гүлфарам Закарина – әлеуметтік қызметкер. Ұзақ жыл мал шаруашылығында еңбек еткен тереңқұдықтық (Т.Масин ауылдық округі) Нұрзия Өтенова – зейнеткер. Бөрлілік Ризагүл Елемесова – мәдениет саласында, саралжындық Гүлжан Әбдірешева – техникалық қызметкер.

Нұрлан Сағынтайұлы және қабылдауға қатысқан ер азаматтар, мекеме, ұйым басшылары, сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Б.Жұмағұлова ізгі тілектерін бірі ақындардың жырларымен, бірі маржан сөзбен кестеледі. Мереке иелері де кезек-кезек сөз алып, шын ықыласты қабылдау, зор құрметтері үшін аудан әкімі мен оның командасына, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Р.БАҚЫТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале