21.09.2016, 13:09
Оқылды: 15

Асыл тұқымды мал өсіруде

asil-tukimdi-mal1Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық  округіне қарасты  Ақсуат елді- мекенінің өн бойы көк шалғын, сулы нулы жер.  Осы Ақсуат ауылында туып өскен Аділбек Алмағамбетов  мемлекеттің қолдауымен,  өзінің табандылығын, бауырларының  көмегін  біріктіре отырып, «Бауырым» шаруа қожалығын  ашып, қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасын өсіріп келеді. Жайылымда 317 бас жайылып жүр, оның 150 басы  аналық, ал бесеуі асыл тұқымды бұқа.  «Балапанды күзде сана» дегендей,  бүгінде 143 бас бұзау  тым-тәуір өсіп, тіпті  қоңданып та қалған.  Әділбек қожалықты ашқалы бері мал шаруашылығының қыр-сырын үйренуде. Өзі сияқты  асыл тұқымды мал басын көбейткендермен үнемі хабарласып, іс-тәжірибелерімен  де бөлісіп, жаңашыл өзгерістерді алуға тырысып бағады. Мол өнім алып, Үкіметтің берген субсидиясын да уақытылы алып отыр.  Биылғы жиған мал азығы да жеткілікті.  Іскер  Әділбек  қазіргі  таңда   малды асылдандырып, өнімін етке тапсыруды мықтап қолға алған.

- Ең алдымен  малдың  құжаттары  талапқа сай, ал малдәрігерлік  профилактикалық шаралары да уақытылы    жасалынуы шарт. Сонда ғана  төлің көп, табысың мен өнімің мол болмақ,-дейді  «Бауырым»  шаруа қожалығының жетекшісі.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

                                                                                                                      www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале