16.06.2016, 17:36
Оқылды: 43

Асқар Наймантаев Бөкей ауданында болды

askar naimantaevӘртіс, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ұстазы Асқар Наймантаев Бөкей ауданында болып, әсерлі кеш сыйлады.


 

«Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпке танымал болған актердің  «Теріс қақпай» театрында да  ойып алар өз орны бар.  Асқар Әбдіғалымұлы осы киелі  өңірге атбасын бұруды 25 жыл бойы армандаған. Сегіз қырлы, бір сырлы  әртіс «Мясокомбинаттан қайтқанда», «Әйелдер әлемі», «Әпиток» сынды әзілдерімен көпшілікті бір күлкіге көмді.

Кеш соңында өнерпазға аудан әкінің орынбасары  Лариса Қайырғалиева ризалық сезімін білдіріп, «Алғыс хат» табыс етті.

www.zhaikpress.kz
Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ
Бөкей Орда

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале