28.08.2015, 16:46
Оқылды: 28

Ата Заңның құрметіне сап түзеді

 Ata zan kyrmetine sap tyzedi02  БҚО Ішкі істер департаментінде егеменді еліміздің Конституциясы күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шараға  облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, ішкі істер органдарының ардагерлері және ІІД жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Мерекелік шарада ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау жеделхаты мен марапаттау туралы бұйрығы оқылып, қылмысқа қарсы күресу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге зор үлес қосып, ерекше көзге түскен қызметкерлерге төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттартабыс етілді. Марапатталғандардың қатарында әкімшілік полиция қызметкерлері, полицияның жедел қызметкерлері, тергеушілер мен «әмбебап» полицейлербар. Полиция подполковнигі Қасым Дүйсеғалиевке ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі  табыс етілсе, полиция аға сержанты Роман Кушкулов, полиция капитаны Альфия Сатыбаева  алғысхатпен марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің атынан полиция старшинасы Қайрат Қуанышевқа алғыс  жарияланды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов құттықтау сөзінде «Ата Заңымыз – бұл мемлекетіміздің басты Заңы. Қазақстанның әлеуметтік, құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекет екені де дәл осы Заңда тайға таңба басқандай жазылған. Осынау демократиялық елде халықтың бейбіт әрі тыныш өмір сүруі үшін Сіздерге, тәртіп сақшыларына жүктелер міндеттің жүгі ауыр», - деп атап өтті.

Ішкі істер министрінің және Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен барлығы 400-ге жуық полиция қызметкері марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале