9.12.2015, 19:17
Оқылды: 14

Атыраудан абыройлы жеңіспен оралды

Atirau janakala konkurs   Ағымдағы жылдың 4-6 желтоқсан күндері Атырау қаласында халықаралық «Ақсұңқар» фестивальі өткен болатын. Бұл байқауға өнердің әр түрінен (вокал, көркем сөз, ансамбльдер, аспапты жанр, хореграфия) 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысты.


Республиканың түкпір-түкпірінен өнерлі өрендерді жинаған конкурстың ұйымдастырушысы Қарағанды облысындағы «Аrt Rainbow» ЖШС халықаралық өнер бірлестігі. Аты жер жарған айтулы байқауда Жаңақала ауданының жас дүлдүлдері қатысып бақ сынап келді. Нәтижесінде аудандық Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебінің оқушылары білдей 10 жүлдені қанжығаларына байлап, үлкен жетістікке қол жеткізді. Атап айтсақ күйден Ж.Ахметова I орын (жетекшісі А.Сисенова) алса, Г.Темірғали II орын (жетекшісі А.Сисенова), С.Сисенбаева III орын(жетекшісі А.Сисенова), Ф.Ғайниетова I орын (жетекшісі Е.Ғубайдуллин), А.Ұзақов I орын (жетекшісі Е.Ғубайдуллин), М.Таңатаров I орын (жетекшісі Е.Ғубайдуллин), Е.Оразғалилар III орынды(жетекшісі Б.Өтешкалиев) иеленді. Сондай-ақ домбырашылар ансамблі I орынға талассыз қол жеткізсе (жетекшілері Е.Ғубайдуллин,А.Сисенова), трио домбырашылар II орын (жетекшісі Е.Ғубайдуллин) және бас қобыз аспабы бойынша Б.Таңатаровада II орынды (жетекшісі А.Шынтаева) місе тұтты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале