18.01.2016, 9:36
Оқылды: 25

Атқарылған жұмыстар оң бағаланды

 

Жанибек акимыЖәнібек ауданындағы Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімдері Әлия Оспанова мен Алтай Бақтығалиев Көлтабан, Құрсай, Өнеге және Еңбекші елді мекендері тұрғындарының алдында өткен жылда атқарылған жұмыстардың есебін берді.


Жанибек акимы (1)Аталмыш ауылдық округтер әкімдерінің баяндамаларында айтылғанындай, екі ауылда да бірқатар жұмыстар істеліп, ілгері басушылықтар бар. Әсіресе, ауыл шаруашылық малын асылдандыру, қазақтың ақ бас тұқымын дамыту қос ауылда кеңінен үрдіс алып келеді. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалануда оң өзгерістер  кездеседі. Елді мекендерді абаттандыру жұмысы жылдан-жылға қарқын алуда. Мал дәрігерлік ветеринарлық жұмыстар талапқа сай жүргізілуде. Мектеп, медицина, мәдениет, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қазіргі заман көшінен қалмай, ондағы мамандар білімі мен біліктілігін әрдайым арттырып отырады.

Ауыл әкімдерінің есебінен соң тұрғындар ауылдың көкейтесті мәселелері бойынша пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Мысалы, Көлтабан, Құрсай елді мекендерінің тұрғындары Сахи Ғилымов, Қобылан Аждуов,Серікқали Жұбанышев жол қатынасы, көшеге шам орнату, мал өнімдерін өткізу, ал Өнеге, Еңбекші елді мекендерінің тұрғындары Бақытжан Рақымжанов, Қалиолла Сүлейменов және тағы басқалары ауыз су, тазалық, медициналық көмек көрсету мәселелерін қаузады.

Аталған елді мекенде оздырылған есеп беру жиындарына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев аудан көлемінде жыл ішінде атқарылған жұмыстарды айта келіп, жиында сөз болған мәселелерге байланысты аудан басшылығы тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жиынға қатысушылар қос әкімнің жыл ішіндегі атқарған жұмыстарына оң баға берді.

                            www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале