18.08.2016, 19:51
Оқылды: 21

Ауданаралық дөңгелек үстел оздырылды

Жанакала ауданаралық дөңгелек үстел оздырылды   Бүгін Жаңақала мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» атты ауданаралық дөңгелек үстел өтті.


   Бұл ауданаралық дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Боранбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Ардақ Ізғалиев, Қазталов аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Әзілхан Қайырханов және Жәнібек, Бөкейордасы, Қазталов аудандарының өкілдері қатысты.

   Сонымен қатар, жиынға аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары, білім саласының қызметкерлері де қатысты.

   Алқалы жиында алдымен сөз алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айзада Шүкірғалиева дөңгелек үстелді ашып, қонақтарға «қош келдің» айтты.

   Дөңгелек үстелдің мақсатты бағыты - азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту еді.

  Дөңгелек үстелде ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті, облыстық сот, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары тақырыпқа сәйкес баяндамалар оқып, қатысушылармен пікір алмасты.

     Дөңгелек үстелде бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале