8.06.2016, 19:14
Оқылды: 24

Аудандармен онлайн кеңес өтті

onlain03   Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингі басшылығы 12 аудандағы филиалымен селекторлық кеңес өткізді. Жиында әрбір аудан газеттерінің шығармашылық жұмысы мен газеттерге жазылым мәселесі талқыланды.

    Аталмыш мекеменің бас директоры Жантас Сафуллин онлайн режимдегі жиынды аудандардағы ұжымдарды рамазан айының басталуымен құттықтап ашты. Алдымен аудандық газеттердің сапасы, тілшілердің сауаттық деңгейі сарапталды.


  Соңғы айдағы кейбір аудандық газеттерде кеткен кемшіліктерге «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ шолу жасады. Оқырман санын көбейтудегі бірден-бір құрал, әрі соңғы үлгіде жасақталған әрбір аудандарға дербес ашылған сайттардың жұмыс істеуі, әлеуметтік желідегі парақшаларының уақтылы жаңаруы, ақпарат орталығы бөліміне тілшілердің жаңалықтар жіберуі туралы ақпарат орталығы бөлімінің жетекшісі Нұрлыбек Рахманов тоқталды.

   Аудандағы журналистер де өз ой-ұсыныстарымен бөлісіп, жұмыс барысындағы мәселелерін ортаға салды. Онлайн кеңесте медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллин аудандық газет редакторларының өзекті мәселелер мен сыни мақалаға көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Өңір басшылығы аудандардағы өзекті мәселелерді дер кезінде назарда ұстап, облыстық деңгейде көтеруді, еш нәрсені бүкпей жеткізу керектігін тапсырғанын айтты. Бүкіл аудан, қала бойынша қандай да бір нақты мәселе болса көрсетіп, шешу жолдары болса ұсыныс жазу керектігін жиында медиахолдингтің басшысы аудандық редакторларға тапсырды. Сондай-ақ сайттармен қатар әлеуметтік желілерге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Мәселен «Жайық Пресс» ақпарат орталығының сайтын күнделікті оқитын 1500-дей оқырманы болса, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын айына 50 мыңның үстінде адам қарайды. Мұның өзі оқырманның интернет ресурстарға ауысып бара жатқанын көрсетіп, келешек жұмыс бағытын айқындайтындай.

www.zhaikpress.kz

Ә.КЕРЕЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале