17.08.2015, 19:51
Оқылды: 47

Аудан басшысы өзен-көлдердің жағдайымен танысты

озенҚараөзен мен Сарыөзенның қақ ортасында орналасқан ауданымыз - облысымыздағы іргелі аудандардың бірі. Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған, аң-құсы жыртылып айырылатын Ақкөл мен Сарышығанақ көлін білмейтіндер кемде кем шығар.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудандағы өзен-көлдердің жағдайымен танысып қайтты. Алдымен Жаңажол ауылдық округіне қарасты кезіндегі «Рыбный Сакрыл» қазіргі Ақкөл көлінің жай-жапсарымен танысты. Ақкөл көліне су Сарыөзеннен келеді екен. Бұл көл ертеректе бүкіл ауылды балықпен қамтамасыз еткен. Бүгінде сол кездегі «Рыбный Сакрыл» деп айту қиын. Айтпақшы, мұнда «Ақкөл» балалар лагері бар. Жаз мезгілінде ауданымыздың оқушылары осында келіп демалады. Бүгінде бұл көл тартылып, айналасы қоқысқа толыпты. Табиғатымызды қорғаймыз деп жүріп, керісінше бүлдіріп жатқандаймыз. Көктем кезінде Қараөзені мен Сарыөзені тасып, көлдіктерге су шығатыны рас. Бүгінде ауылдас ағайындардың төрт түлікке тәуелді болғандықтан өзен-көлдеріміз тартылып кетпесе деген ой мазалайтыны шындық. Ақкөліміз бен Сарышығанағымыз тартылмай балығы мен аңдары өсіп-өніп, өңірімізге шетелдік туристерді тартатындай игі іс істелінсе қандай керемет деген ой келді.

Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлымен бірге аудандық мәслихаттың депутаты Бауыржан Бердалиев бірге болды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

«Ауыл айнасы»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале