24.06.2016, 20:56
Оқылды: 24

Ауызашар берді

????????????????????????????????????

Мерей ауылдық округінің әкімшілік ұжымы ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар берді.


 

Игілікті шарада Мерей ауылдық округінің әкімі Қазихан Тәшімов сөз сөйлеп, барша жамағатты Қасиетті рамазан айымен құттықтады. Мұнан соң аудандық мешіттің бас имамы Айдын Бақытұлы құран оқып, дұға жасады. Сондай-ақ қасиетті айдың  қадір-қасиеті жөнінде,  бұл айда әр жасаған ізгі амалдарға сауаптардың еселеніп жазылатынын  айтып өтіп, мүбәрак айда осылай ораза ұстаушы қауымды бір дастарқан басына жинап, ауызашар беріп жатқан Мерей ауылдық округінің әкімшілік ұжымына алғысын айтты.

Айта кетейік, әр аптаның бейсенбісінде аталмыш ауылдық округінің әр мекеме қызметкерлері ауызашар береді.

www.zhaikpress.kz
Е.ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале