26.08.2015, 16:16
Оқылды: 33

«Ауылым – алтын бесігім»

ауылҚалыптасқан дәстүр бойынша, аудандық мәдениет және демалыс саябағында Талов ауылдық округінің көркемөнерпаздары «Ауылым – алтын бесігім» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш шымылдығын құттықтау сөзбен ашқан Талов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Балым Коняева кезекті өнерпаздарға берді.

Сахна төрінде «Әжелер» ансамблі «Ауылым» әнін, одан соң ансамбльдің мүшелері Баянсұлу Кенжалиева «Туған жер», Бибигүл Жанболатқызы «Саржайлау» әндерін шырқаса, «Балауса» бишілер тобы «Жастар» биін, Нұрлы Рамазанова «Испан», «Өзбек» билерін мың бұрала билеп, дуэт Ардақ Қабылнасиров пен Аяжан Серікова «Балаға тілек», Елжан Бисенғалиев «Үміт үні», Халелов Нарынбек пен Аяжан Серікова «Мұңайма», «Көңілді күн», Айкөркем Кәрім «Айналайын» әндерін әуелетті. Одан әрмен түрлі аспаппен сүйемелдей отырып Тимур Хамитұлы мен Нарынбек Халелов қазақ, орыс әндерінен попурри орындады. Кеш соңында Нарынбек Халелов «Атамекен» әнін орындап, концерттік бағдарлама өз мәресіне жетті.

Сонымен қатар аталмыш округтің қолөнер шеберлерінің туындылары көрмеге қойылып, аудан тұрғындары көздің жауын алатын әсем дүниелерді тамашалады.

Жиналған жұртшылықтың жүзіне қуаныш, көңіліне сәуле шашқан,  көпшілікті бір серпілтіп, шат-шадыман күй сыйлаған кеш болды бұл.

www.zhaikpress.kz

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале