9.09.2016, 14:24
Оқылды: 29

Ауылға келген жас маман

dsc_0229Зеленов ауданы, Зеленый ауылында мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған жастар бар. Солардың бірі Эльдар Мұсағалиев. Зеленый ауылының тумасы. Оралдағы медициналық колледжі аяқтаған соң, бірден түлеп ұшқан ауылына жұмысқа келіпті. Тәуелсіздікпен құрдас жас маман ауылдық амбулаторияда фельдшер. Көтерме ақыны да алып, өткен жылы тұрғын үйге қол жеткізген.

-Мұнда еш алаңсыз жұмыс жасауға болады. Дәрігерлік амбулаториямыз заманауи, барлық жағдай жасалған. Қажет құралдармен жабдықталған, әр қайсымызға жеке кабинеттер бар. Тек, тынымсыз жұмыс жасау қажет, - дейді Эльдар Асылбекұлы.

Бақытын ауылдан тапқан Эльдар отбасын құрып, жан-жарымен қыз тәрбиелеп отыр.

 

Д.Беріш

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале