16.06.2016, 15:40
Оқылды: 24

Ауыл тұрғындарымен кездесті

auyl turgyndarymen kezdestiЖақсыбай,Талов, Борсы ауылдық округтерінде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды арқау еткен жиындар болып өтті.


Жиында аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Баян Дәулетова «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауданға қаржы бөлінгендігін айтып, аталған бағдарламаға қатысудың шарттарын түсіндіріп өтті. Бұл бағдарлама жеке кәсібімді ашам немесе дамытам деушілерге, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндерге зор мүмкіндік екендігін айтып, кәсіпкерлерге және ауыл тұрғындарына бағдарламаға белсенді қатысуларын сұрады. Ал, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы несие алу, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жайлы ақпарат берді.

Жиында сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асыланбек Хайруллин әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған «Өрлеу» пилоттық жобасы туралы ауыл тұрғындарына түсіндірді. Оның айтуынша, Дүнижүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылған «Өрлеу» пилоттық жобасы шартты ақшалай көмек беру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндіктер береді.

Басқосулар барысында ауыл тұрғындары тақырыпқа қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz
Д.ОСПАН
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале