26.08.2015, 16:27
Оқылды: 21

Ауыл тұрғындарының діни сауатын арттырды

mechet-32013-2017 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама аясында аудан әкімдігі жанынан дін мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ (АНТ) мүшелері Талов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп қайтты.

"Ислам – татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні" тақырыбы аясында өрбіген кездесу барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Берік Қаметұлы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Азат Айболатұлы өз пікірлерін ортаға салды.

Жақсыбай мен Борсы ауылдық округтерінде жалғасын тапқан осындай шара "Жастарды жат пиғылды радикалды топтардың ықпалынан сақтау" тақырыбында өтті. Бұл кездесуді АНТ мүшелері - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Бекежан Шарафутдинов және дінтанушы Азат Қаратай жүргізді.

Кездесуде сонымен қатар "Сириядағы соғыс сүннет пе?" деген тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, ауыл тұрғындарының діни сауатын арттыру мақсатында бірқатар мәселелер талқыға салынды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале