15.05.2015, 6:03
Оқылды: 35

Ауыспалы кубок жаңақалалық аудандық сотта

Janakala auispali kubok   Жаңақала ауданында волейболдан аудан әкімінің ауыспалы кубогы өтті. Биылғы ауыспалы кубок жолындағы тартыс Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды. Салтанатты ашылуына аудан әкімі Лавр Хайретдинов қатысып, спортшыларға сәттілік, жамағатқа салауаттылық тілегеннен кейін жарыс үш жерде көрігін қыздырды.

    Үш-үштен екі топқа бөлінген қыздар арасынан өз топтарында жеңімпаз болған "Жаңажол" мен "Ұстаздар" құрамасы финалда чемпионды анықтады. Ойыншыларының дені жас жаңажолдықтар қарсыластарына дес бермеді. Ал үшінші орын үшін болған тартыста мәстексайлықтар сауықтыру орталығының аруларынан басым түсті.

    Ерлер арасындағы финалға бергісіз ойын колледж бен аудандық сот арасында өтті. Екі партияда да жеңгенімен тай-брейк саны 30-дан асып кеткен бұл ойын бәрінің айызын қандырған кездесу болды. Тобындағының бәрін жеңген аудандық сот құрамасы финалда екінші топтың жеңімпазы Қырқопа ауылының жігіттерін жеңіп, кубокты қолдарына алса, бар күшін жарыс фавориттерімен болған ойында сарқып алған Жаңақала колледжі ойыншылары үшінші орын үшін болған кездесуде қос партияда да Жаңақала ауылының спортшыларынан ұтылып, үшінші орыннан да құр қалды.

www.zhaikpress.kz

Надежда Есетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале