19.04.2016, 11:36
Оқылды: 27

Ауы тәркіленіп, айыппұл салынды

 Akjayik aui tarkilenip    Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі 383-бабы, 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған К.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды. Ол өткен қыс аяғында Бағырлай көлінде ұзындығы 15 метр, көзі 50х50 қойылмалы ауды қарап жатқанда ұсталған. Аталған құрал әуесқойлық балық аулау үшін рұқсат етілмеген құралдардың қатарына кіреді.


    – Құқық бұзушы кінәлі деп танылды, яғни ол балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзған. Одан аталған ау тәркіленді. 42 420 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

www.zhaikpress.kz

Дидара САНИЕВА

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале