9.09.2015, 12:15
Оқылды: 49

Ауқымды аумаққа созылған өрт

Akjayik aukimdi aimakka sozilgan ort   7 қыркүйекте сағат 16 шамасында Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылының тұсынан, тоғай беттен басталған өртті күшті жел (20 м/сек.) өршіте түсіп, от бірден-ақ орман алабын жалмай жөнелді. Солтүстікке қарай өршіп, ауданның Коловертное ауылы маңына дейін, Жайықтың қос жағалауына жайылған, ұзындығы 20 километрге дейін созылған «тілсіз жаумен» облыстық ТЖ, тікұшақ, басқа да күштері, еңбек ұжымдары 8 қыркүйектің кешіне дейін айқасты.

Оқиға орнында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, аудан әкімі Әділ Жоламанов болды. Өрттен шығындар есептелуде.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале