26.10.2015, 19:34
Оқылды: 19

Ашық аудандық чемпионат

DSC_0033Жалпақтал ауылының аудандық спорт мектебінің залында 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында волейболдан ашық аудандық чемпионат өтті. Оған Орал қаласынан, Жәнібек, Теректі аудандарының командалары, ауданымыздың ауылдық округтерінен Бостандық, Қайыңды, Көктерек, Қарасу, Қараөзен, Жаңажол, Ақпәтер, А.Оразбаев атындағы орта мектептің командасы, Жалпақтал колледжі, аудандық БЖСМ-І, БЖСМ-ІІ командалары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, БҚО жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Равиль Жалелов, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев командаларға сәттілік тілесе, жарыстың бас төрешісі Тимур Бақтығалиұлы командаларды ойын ережесімен танысытырды.

Тартымды да қызықты өткен ойын нәтижесінде Қараөзен ауылынан келген команда ІІІ орынды қанағат тұтса, Жәнібек ауданының волейболшылары І орын алды, аудандық БЖСМ-І командасының ойыншылары ІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар жекелей номинациялар бойынша Жәнібек ауданының волейбол тобының жаттықтырушысы Назарбек Ишанқұлов «Үздік жаттықтырушы», теректілік Руслан Хамзин «Үздік қорғаушы», аудандық БЖСМ-І командасының ойыншылары Әлішер Өтегенов пен Руслан Мақсотов «Үздік шабуылшы», «Үздік тосқауылшы», жәнібектік Бекзат Досумов «Үздік ойыншы», Қараөзен ауылының ойыншысы Арман Шафхатов «Үздік байланыстырушы» номинацияларына ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар және үздік ойыншылар аудандық спорт мектебінің дипломдарымен, естелік сыйлықтарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале