30.05.2015, 10:55
Оқылды: 19

Ақжайық ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Akjayik kugin syrgin  Ақжайық ауданы Чапаевта «Зерде» саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Зұлмат жылдар зобалаңы» атты шара өтті. Өткен жылы дәл осы уақытта ауылдың ағаш көмкерген жасыл желекті саябағында 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары құрбандарына арналған ескерткіш тұғыр тұрғызылған болатын. Мұның өзі бүгінгі үлкен-кішінің есіне кезіндегі халықтың бастан өткерген не бір қиыншылықтар мен зобалаңның құрбанын әрдайым жадылап, жазықсыз жазаланған жандарды мәңгі есте қалдыру құрметін әйгілейді.

Шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Нариман Төреғалиев: «Бұл күн біздің есімізде мәңгі қалады. Еліміздің тарихында мұндай сын-сабақтар әрдайым құрмет пен ізгіліктің шуағына бөленуі керек. Ұрпақ тәрбиесінде де еліміздің келешегін көру үшін өткенін тану өнегелі іс. Талай жерлестеріміздің, Қазақ халқының әлеуметтік жүйесінде ерекше топты құрайтын хан тұқымдары, халықтың экономикалық тірегі болған ауқатты адамдар, ағартушылар және діни дұрыс бағыт ұстанған жандар, т.б. осы зұлматтың құрбаны болды. Мұны біз білуге тиістіміз,-деді аудан басшысы.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале