18.12.2015, 18:27
Оқылды: 45

Ақжайық ауданында учаскелік полиция қызметкерлерінің тірек пункті ашылды

Akjayik policia punkiti   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы мерекелік алуан іс-шаралардың арасында учаскелік полиция қызметкерлерінің тірек пунктінің ашылуы да айтулы оқиғаға айналды. Мұндай тірек пунктінің қажеттігін уақыттың өзі ұсынып отыр. Енді аудан орталығындағы учаскелік полиция қызметкерлерінің тұрғындармен тығыз байланыс жасауы, қоғамдық тәртіптің сақталуы мақсатында неғұрлым жедел іс-қимылды қамтамасыз ету үшін зор мүмкіндік жасалды.


Чапаевтағы Әбілқайыр хан көшесіндегі кірістер басқармасы ғимаратының төменгі қабатында орналасқан аталған пунктінің ашылу салтанатында аудан әкімі Әділ Жоламанов тәртіп сақшылары халықтың тілегіне сай, қоғамдық тәртіпті нығайтуда тегеурінді іс-шара жүргізетініне зор сенімін білдірді.

Облыстық іскі іштер департаменті басшысының орынбасары Берік Өтеулин, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері Мұрат Мушағалиев ақжайықтық тәртіп күзетіндегілерге толайым табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале