9.06.2015, 16:17
Оқылды: 27

Ақжайық соты – алдыңғы орында

Sot balgaАқжайық аудандық соты жыл басынан бері БҚО соттары арасында 100%  көлеміндегі көрсеткішпен бірінші орында келеді.

Бұл туралы жиналғандарға Ақжайық ауданы сотының бас маманы Мираж Есеналиев «100 нақты қадамдағы» «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағыты туралы» ой-пікірлерін жеткізе келіп, сыбайлас жемқорлықпен күресте сот жүйесінде күрт бетбұрыстар жасалып отырғанын, бұл Ұлт  жоспарын орындауға елеулі іргетас қалайтынын айтты.

Сонымен қатар дауларды шешу медиация заңын қолдану арқылы жергілікті медиаторлардың көмегімен тиімді атқарылуда. Мәселен, медиаторлардың жұмыстануымен 2015 жылға 26 қылмыстық іс, 7 азаматтық іс қаралды.

Тұрғындардың өңірдегі жемқорлық деңгейі туралы көзқарасын анықтау мақсатында білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сауалнама жүргізіп отырады.

Соңғы жүргізілген сауалнамаға қатысқан 275 респонденттің 97 пайызы күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келмегенін айтқан.

Филиалда кестеге сәйкес қабылдаулардың қорытындысын зерттеу тұрғындар тарапынан ешқандай да бір жемқорлыққа қатысты арыз-шағымның түспегенін анықтап берді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале