4.06.2016, 16:58
Оқылды: 52

Ақнұр БЕРКІНОВА: "125 балл жинау – мен үшін үлкен жетістік"

Screenshot_2016-06-04-16-28-11-1Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен қаратөбелік түлектердің арасында 8 үміткердің 2-еуі ғана «Алтын белгіні» қорғап шықты. Олар Ақнұр Беркінова мен Асият Хасинова. Қос білімпаз – Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлектері.


Ақнұр БЕРКІНОВА, «Алтын белгі» иегері:

- Сынақ кезінде қандай сұрақ-тапсырмалар келеді екен деп іштей қобалжыдым. Бір қарап шыққаннан кейін мектеп бағдарламасының сұрақтары екендігін көріп, өзімді еркін, сенімді ұстадым. Нәтижесінде ата-анамның, ұстаздарымның сенімін ақтап, «Алтын белгіні» қорғап шықтым.
125 балл жинау – мен үшін үлкен жетістік. Ата-анама, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма ризашылығымды білдіремін.
Ендігі арманым – экономист-есепші болу. Менің ойымша, әр адам ең алдымен біліміне, қарым-қабілетіне сенуі керек. Сонда ғана ойлаған арманы орындалады.

Screenshot_2016-06-04-16-27-53-1Асият ХАСИНОВА, «Алтын белгі» иегері:

- ҰБТ сынағы – әр түлек білімінің сыналар кезеңі. Сыннан сүрінбей өту де – ең қиын нәрсе. ҰБТ сынағы мен үшін қиынға соқпады десе де болады. Жыл бойы үздіксіз дайындықтың және ұстаздарымның берген білімі арқасында ойлаған мақсат-мұратыма қол жеткіздім.
Менің басты арманым – дәрігер болу. Армандар орындалады дегенге сенемін.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале