24.07.2015, 19:47
Оқылды: 25

Ақпараттық топ Жәнібекте болды

Janibek akparattik topp   Елбасының «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелері бүгін Жәнібек ауданына келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында жұртшылықпен  кездесу өткізді. Кездесуге Жәнібек, Бөкей Ордасы,Жаңақала, Қазталов аудандарының мүдделі мекеме, ұйым басшылары, шаруашылық құрылым өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың төрағалығымен өткен жиынды Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев ашып, ауданға келген ақпараттық топ мүшелерін көпшілікке таныстыра келе, олардың Елбасының Ұлт жоспарының әр реформалық бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін мәлім етті. Бұдан соң облыстық білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму,  ауылшаруашылық, мемлекеттік кірістер басқармалары мен департаментерінің басшылары Нұрлан Сабыров, Миржан Сатқанов, Наурызбай Қарағойшин, Нұрболат Абдулов, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлердің аймақтық палатасының бөлім басшысы Марат Нұрқуатов мемлекет басшысының Ұлт жоспарынан туындайтын реформалық бағыттардың мақсаттары мен міндеттерін жіктеп түсіндіріп, жиналғандардың тарапынан түскен сауалдарға толымды жауаптар қайтарды. Бас қосуда, сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясының Волжский қаласынан келген «Солнце и ветер» баламалы энергетика компаниясының аймақтық сату менеджері Татьяна Амосова тіршілікке қажетті қуатты өндіруде баламалы қуат көздері жайында хабарландыру жасап, өздерінің компаниясы арқылы жүзеге асып жатқан  баламалы қуат көздері туралы баяндайтын буклеттермен жиналғандарды таныстырды. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қорытындылады. Жиынды жапқан Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев Елбасының ел экономикасының дамуын көздейтін үшінші реформалық бағытында айқындалған міндеттердің жүзеге асуы үшін бірлесе, белсене жұмыс істеу керектігін айта келіп, көкейде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап берген ақпараттық топ басшысы И.Стексовқа және топ мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Облыс әкімінің орынбасары бастаған ақпараттық топ мүшелері Жәнібек ауданына келген сапарында Жәнібек-Қазталов тасжолындағы 4 шақырымдық жолдың жөндеу барысымен жіті танысты. Сондай-ақ, олар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға қол жеткізген жас маман Әлішер Кенжеғалиевтың отбасында болды. Ақпараттық топ бұдан соң Жәнібек ауылында жаңадан ашылған «Алтын ұя» бөбекжайында, кәсіпкер Нұрлыбек Жұмашевтың жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорнында, Кәсіпкер Алмаз Нысанбаевтың құрылысы жүріп жатқан  «Жасмина» супермаркетінде, сол сияқты аудан  «Қараш» шаруа қожалығының аудан орталығындағы мал сою кәсіпорнында болып, аталған нысандардың жұмысы жөнінде толық мағлұматтар алып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале