25.11.2015, 17:39
Оқылды: 30

Ақсайда Бөрлі аудан әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті

Borli voleibol turnir  Ақсайда Бөрлі аудан әкімі Марат Түсіпқалиевтің  жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Турнир мақсаты: қатысушы командалар спорттық шеберліктерін көрсете отырып, салауатты өмір салтын тұрғындар арасында насихаттап, волейбол спортының дамуына зор үлес қосу арқылы болашақ қазақ елінің үлгілі де өнегелі жас спортшыларын тәрбиелей келе, жас есімдерді таныту болды.  


 

Шараға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қаналин, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Куликешев, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Насипов арнайы қатысып, құттықтау тілектерін жеткізді.

Қатысушы командаларды спорт ардагері Дүйсенбай Ғұмаров алаңға бастап шықты. Ал жарысқа Ақтөбе қаласынан «Алихан» волейбол клубы, Теректі, Қазталов, Бөрлі аудандарының командалары мен КПО б.в. Ақсай қаласы және Бөрлі колледжі, Приурал, Березов ауылдық округтерденінен келген волейболшылар бақтарын сынады. Аталмыш жарысты ұйымдастыруға Бөрлі ауданының әкімдігімен бірге аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі және «Ақсай» спорт кешені КММ» мұрындық болған. Жарыстың бас төрешісі ұлттық дәрежедегі төреші  Қ. Ғұбайдуллин болса, төрешілер (І санатты төрешілер) Қ.Қажғалиев, А.Ашығалиев, Н.Аймурзиндар болды.

Қызықты әрі тартысты жарыста Бөрлі аудандық құрама командасы жанкүйерлерінің қолдаумен аудан әкімінің кубігін жеңіп алды. Атап өтейік өткен жылы оздырылған жарыста Ақтөбе қаласынан келген волейболшылар аталмыш жүлдені иеленген болатын. Ал биылғы жылы «Алихан» волейбол кулубы екінші орынды қанағат тұтты. Үшінші орын Жалпақтал ауылдық округінен келеген қонақтарға бұйырды.

Сонымен қатар жарыстың «Үздік ойыншысы» аталымымен берездық Азат Қалиева, «Үздік тосқауылшы» аталымымен теректілік Ерғали Мырзағалиев, «Үздік шабуылшы» аталымымен приуралдық Антон Салафаев, «Ойын байланыстырушы» аталымымен жалпақталдық Б.Жүсіпқалиев және «Үздік қорғаушы» аталымымен ақтөбелік Т.Тынысқалиевтар марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале