15.09.2015, 10:00
Оқылды: 14

Ақтау қаласына жолдама

Janakala Aktau kalasina joldama aldi   2015 жылдың 9-13 қыркүйек күндері Орал қаласында ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының жекелей және жекелей блиц чемпионаты болып өтті. Жарысқа облыс аудандары мен Орал қаласынан 9 команда,  100 - ден астам тоғызқұмалақшылар қатысып, шеберлік байқасты. Жарыстын мақсаты облыс құрамасын жасақтап, Ақтау қаласында өтетін республикалық жарысқа іріктеу болатын.

Бұл чемпионатқа Жаңақала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ спорттық ойынының жаттықтырушысы Қайрат Шаутенов бастаған спортшылары барып қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді. Атап айтар болсақ, 16 жасар ұлдар арасында қарсыластарының  барлығын айқын басымдықпен ұтып  І орын алған Амангелді Сағынғалиев,    ІІІ орын алған Жандос Кенжеғалиев,16 жасар қыз балалар арасында ІІ орын Шынар Мұратова, ІІІ орын Ақгүл Бауыржақызы.  20 жасар  ұл балалар арасында ІІ орын алған Темірғали Маралбек, осы спортшы блиц (шапшаң ойын) түрінен де ІІІ орынды жеңіп алды. Ал жақсы ойын өрнегін көрсеткен Гафарова Калима, Мұратова Жанар, Мағзумова Аяжан және Халиоллин Бексұлтан «Жеңіске деген ұмтылысы» үшін марапатталды.Бұл додалы сайыста топ жарып 1-3 орын алған спортшылар облысымыздың намысын қорғап,  4-11 қараша күндері Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына қатысатын болады. Бүгінгі таңда ауданымыздың тоғызқұмалақшылары тыңғылықты дайындалуда.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале