27.06.2016, 10:34
Оқылды: 37

Аңқатыдан – Шалқарға

megazhoba shalkardaТеректі ауданы Аңқаты ауылдық округінің әкімі Болат Кадыралиев бастаған топ «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында эстафетаны табыстау үшін  Шалқар ауылдық округіне барды.


Делегацияны округ әкімі С.Мусин қабылдап, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сарыөмір мәдениет үйінде аңқатылық көркемөнерпаздар концерт ұйымдастырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Р.Жұмағалиев, Д. Сатыбаев, Т.Табылдиевасекілді облысқа танымал әншілер де шарада бой көрсетті.

Шара соңында Аңқаты ауылдық округінің әкімі Болат Александрұлы эстафета кітабын Сабырбек Аманбекұлына салтанатты түрде табыстады.

 

www.zhaikpress.kz
Ерлан МОЛДАХМЕТОВ,
Аңқаты ауылдық округінің
бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале