11.11.2015, 12:09
Оқылды: 21

Бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде қостанайлықтар жеңіске жетті

Badmintonnan    Орал қаласында бадминтоннан 2001-2002 жылғы, 2003 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында жекелей-командалық ел біріншілігі мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 8 команда қатысты. Командалық бәсекеде Қостанай облысының бадминтоншылары үздік шықты. Қарағанды мен Батыс Қазақстан облысының бірінші командалары екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Жекелей сында 2001-2002 жылғылар арасынан қыздардан қостанайлық Ия Гордеева, ұлдардан ақмолалық Дамир Абдуллаев жеңімпаз атанды. 2003 жылғы және одан кіші жастағылардан қарағандылық Василиса Ли-Же-Ю, ақмолалық Вадим Горбунов ешкімге дес берген жоқ. Жұптасып өнер көрсетуде қостанайлықтар Ия Гордеева мен Меруерт Ахмадиева, Марк Кремсер мен Артем Королев, 2003 жылғы және одан кішілер арасынан  Василиса Ли-Же-Ю мен ақмолалық Екатерина Машковцева, тағы да қостанайлықтар Владислав Черников пен Александр Иванов чемпиондық атаққа қол жеткізді. Аралас жұптан М.Кремсер мен И.Гордеева (екеуі де қостанайлық), кіші топтан ақмолалық В.Горбунов пен қарағандылық В.Ли-Же-Ю жеңіс тұғырына көтерілді.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале