24.05.2016, 17:06
Оқылды: 26

Балалар арасында жазатайым оқиға көп

800   «Қазақстан-Орал» телеарнасында  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменовтың қатысуымен брифинг өтті.  Брифингте облысымыздағы денсаулық сақтау саласының ағымдағы жылдың төрт айындағы атқарылған жұмыстар жөніндегі мәліметтер  ортаға салынды.


    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидоллла Ирменовтың айтуынша осы уақыт аралығында ана өлім-жітімі тіркелмеген. Туберкулезбен сырқаттану 13,5 пайыз, қатерлі өсінділермен сырқаттану 4,6 пайыз төмендеген. Туу көрсеткіші 4,2 пайызға көтерілген. Жарақаттану мен жазатайым оқиғалармен улану -9,7 пайызға артқан. 2015 жылы дәл осындай -111 жағдай, ал 2016 жылы 123 жағдай тіркелген. Әсіресе жол-көлік оқиғаларынан өлімнің өсуі екі есеге дейін артқан.  Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге үздіксіз көмек көрсету мақсатында медициналық-құтқару  пункттеріне 2 реанимобиль алу және Травматология мен ортопедияның ғылыми-техникалық институтына 4 травматологты оқыту жоспарлануда.

   Бес жасқа дейінгі балалар арасындағы жазатайым оқиғалардың жиілеуі де ата-аналар тарапынан  қырағылықты талап етеді. Тек сәуір айында жазатайым оқиғадан үш сәби дүниеден өтті. Ай сайын 200-ден астам бала тұрмыстық жарақат, улану және күйікпен облыстық аурухананың травматология бөліміне түсіп жатады. Жыл бойы 30-ға жуық бала күйіктік шок жағдайында және полижарақаттармен  балалар реанимациясының көмегіне жүгінеді. Бұндай жағдайдың салдары мүгедектікке, кейде өлімге де алып келуі мүмкін.  Күйік, полижарақат алған бір  баланы емдеу құны – 500 мың теңгені құрайды.

   Сонымен қатар суицид жағдайларының өсуі де облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының назарынан тыс қалмады.  Биылғы жылы -21 адам  (өткен жылы-19)  өз өмірімен қоштасқан. Оның біреуі - жасөсіпірім. Сондықтан суицидтік белгілердің алыдын-алу үшін психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жасалуда.

   Отбасылық медицинаны жетілдірудің жаңа стратегиясына сәйкес,  әмбебап медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту мақсатында  облыста ана мен бала,  денсаулығын қорғау, ментальді медицинаны дамыту және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге басымдық беріліп, екі  жылдан бері салалық мамандардың бірқатар функцияларын жалпы практикалық дәрігерлерге беру жұмысы жүргізілуде.  2019 жылға пациенттің электрондық денсаулық паспортын қалыптастыру үшін 35 медициналық ұйымда біріыңғай медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде.

    Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қарастырылған болжамды қаржылық шығындар республикалық бюджеттен 6275,243 млн. теңге, жергілікті бюджеттен -2550,368 млн. теңге құрайды.

  Медициналық ұйымдардағы өндірістік процестерді стандарттаудың негізінде сапаны басқару жүйесі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тиімді арттыруға негіз болып табылады.  Осы бағытта 116 нозология бойынша клиникалық хаттамалар енгізіліп, 26  медициналық ұйым ұлттық стандарттар бойынша аккредиттеу рәсіміне енгізілуде.

    Ағымдағы жыл ішінде 127 мыңнан астам адамды скринингтік іс-шараларға қамту жоспарланған. Оның ішінде 95 мың адам онкоскриниггтен өтпек.  Соңғы төрт ай ішінде 68 мыңнан астам адам, онкоскринингтен 50 мыңға жуық адам өткен.

   Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен тиімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар тізімін кезең-кезеңімен  ұлғайтып, медициналық санитариялық алғашқы көмек деңгейінде кеңейтілуде. Жылма-жыл тегін дәрімен қамтамасыз етуде жергілікті бюджеттен 1,5 млрд.  теңгеден астам және республикалық бюджеттен 2,0 млрд.  теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл өз кезегінде 400 аталым бойынша 94 мыңнан астам азаматтың дәрілік заттарды тегін  алуларына мүмкіндік туғызды.

   Салалық психаиатрия, фтизиатрия және наркология қызметі учаскелерін кеңейту және ықпалдастыру  бойынша жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы аумақ жетікіліксіз. Мәселен 25 000 тұрғынға есептелген  №1 қалалық емхана, бүгінде 70 000 адамға қызмет көрсетеді. Ал №3 қалалық емхананың аумағы типтік емес ғимаратта орналасқандықтан тапшы болып тұр. Қазіргі уақытта №1 қалалық емханаға жалғанып салынатын ғимарат пен сыртқы лифт жобасы әзір. Сондай-ақ №3 қалалық емханаға жалғанып салынатын ғимаратқа жер учаскесі бөлінген.  №6 қалалық емхана аумақтағы халықтың көшіп-қонуының өсуі және инфрақұрылымының жетілдірлмеуі, комуникацияның болмауы жұмыс ырғагына кері   әсер етуде.

    №1,2,4 қалалық емханалар саяжай учаскелеріне қызмет көрсетеді. Осыған орай, тіркеуді ресімдей отырып, саяжай учаскелеріне ұйымдасытрып қоныстандыруды қамтамасыз ету, саяжай аумағында медициналық пункттер салу –болашақтың еншісінде.

   Медициналық ақпараттық жүйені енгізу үшін ұйым техникаларының (компьютерлер) санының  жеткіліксіздігі, науқастарға шұғыл медициналық уақытылы  көмек көрсететін автокөлікті жаңғырту да  уақыт оздырмай шешуді талап ететін бірқатар проблемалардың бірі.

   Соңғы бес жылда облысқа 400-ден астам жас маман жұмысқа тартылған. Биыл біздің өңірімізге 50 астам дәрігер келеді деп күтілуде. Салалық мамандықтар бойынша 13 маманды қайта даярлау және зейнеткерлік жастағы дәрігерлердің біртіндеп орынын басу жұмыстары жүргізілуде.   Қойылған міндеттерді шешу және облыстың кадрлық ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Ресей, Финлияндия, Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларымен жұмыс жүргізуде.

   Профилактикалық және скрининггтік шаралардың тиімділігін арттыру үшін тұрғындардың өздері  белсенді болуы қажет.  Әлеуметтік  маңызды ауруларды ерте анықтау мақсатында мемлекет жылма-жыл арнайы қаражат бөліп келеді.  Тек соны әр адам тиімді пайдаланып, өз денсаулығына немқұрайлы қарамағаны дұрыс.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале