1.07.2016, 13:17
Оқылды: 33

Банкроттық рәсімдерді жүргізу өнбей тұр

 antikpizisОблыс әкімдігінде дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов төрағалық етті.


Күн тәртібінде банкроттық рәсімдерді жүргізудің барысы туралы, жалақы өндіру бойынша сот актілерінің орындалуы туралы және жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөнінде үш түрлі мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Есбол Әміров «Дастан» баспа-полиграфиялық кешені» ЖШС, «Жайықтранс-Терминал» ЖШС, «СЦЗ «Агро-сервис» ЖШС және «Металл бұйымдары» бірлескен өндірістік кәсіпорны» ЖШС банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы баяндады.

Баяндаудан белгілі болғандай «Дастан» баспа-полиграфиялық кешені» ЖШС-нан 18 адам 6 343,4 мың теңге көлемінде еңбекақы мен өтемақы төлеуді талап еткен. Бүгінгі таңда оның 3 042 мың теңгесі өтелген болса, еңбекақы бойынша қалған берешек 3 301,4 мың теңгені құрап отыр. «Жайықтранс-Терминал» ЖШС-ның еңбекақы берешегі екі кредитор үшін 6383,4 мың теңгені құрайды. Мұндай бережақ көлемі «Металл бұйымдары» бірлескен өндірістік кәсіпорны» ЖШС үшін 61 890,6 мың теңге, ал ондағы кредиторлар саны 84 адам.

Отырыс төрағасы туындаған сұрақтарға нақты жауаптың болмауына байланысты «Дастан» баспа-полиграфиялық кешені» ЖШС-ның банкроттық басқарушысы Е. Ишимгалиевтің жиынға келмеуін, банкротқа ұшыраған мекемелердің еңбекақы берешағы туралы мәліметтің әр түрлі көрсетілуін, бірқатар мекемелердегі банкроттық басқарушылардың жиі ауысып, жұмыс нәтижесі болмай келе жатқандығын қатаң сынға алды.antikpizis (1)

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Хамидолла Құсдәулетов «БГСАксай» ЖШС және «Aziya Bolashak Batys» ЖШС-ның атқарушылық өндірісінің жүргізілу барысы туралы мәлімдеді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз алған облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жанат Асантаев қоланыстағы еңбек заңнамасының талаптарына сай жұмыс жасап, сенім сертификатына ие болған бірқатар кәсіпорындарды атап өтті. Мұндай сертификатқа ие болған кәсіпорындар үш жылға дейін мемлекеттік тексерістерден босатылады. Жанат Асылханұлы Жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша облыстық еңбек инспекциясы басқармасының шешіміне сәйкес тағы екі мекеменің аталмыш сертификатқа лайық деп танылғандығын айтты.

Жиын соңында отырыс төрағасы Марат Тоқжанов «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалы және «QHSE - Akbarys» ЖШС-на қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі Сенім сертификатын табыс етті.

www.zhaikpress.kz
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале