10.09.2015, 13:04
Оқылды: 20

Бар қамқорлық балаларға

Nyr otan   Кеше «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы мүгедек балаларының «Бәйтерек қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті.

Шарада мүмкіндігі шектеулі он бүлдіршінге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы атынан киім-кешектер мен «Щукина» ЖК-ның демеушілігімен алынған оқу-құралдары тапсырылды.

-Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі 3000 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен киім кешектер табыс етілді. Қамкөңіл балалардың  бос уақытын тиімді өткізуде  «Бәйтерек қоғамы» қоғамдық бірлестігі зор үлесін қосуда. Осы орайда шарапаты мол игі істерге көмегін аямай, қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреміз,- деді шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев.

www.zhaikpress.kz

   Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале