2.09.2015, 17:52
Оқылды: 14

Баскетболшылар турнирі

Janakala basketbolshilar turniri

 

Кеше Жаңақала ауданында биылғы жылдың атаулы үш мерекесі - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай спорттың үш түрінен дәстүрлі турнирлер оздырылды. Соның бірі жаңадан бой көтерген Жуалыой елдімекеніндегі Х.Нұрымғалиев атындағы мектеп ғимаратында мектеп оқушылары арасында баскетболдан аудандық аймақтық жарыс еді.

Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тәрбие қалыптастыру, баскетбол ойынын кеңінен дамытуды мақсат еткен жарысқа ауылдық округтерден және аудандық спорт мектебінен8 команда қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен, ҚХА БҚО бойынша төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов, аудан әкімі Л.Хайретдинов арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс нәтижесінде Көпжасар командасыІ орынды жеңіп алса,ІІ орынды Жаңақазан, ІІІ орынды Жуалыой командасы еншіледі.Жеңімпаз командаларға кубок пен ақшалай сыйлықтар берілді.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале