4.03.2016, 11:30
Оқылды: 21

Баскетболшы арулар сайысы

 Zelenov basketbol  Зеленов ауданы орталығында 2000-2002 жылдары туылған қыздар арасында баскетболдан аудан біріншілігі өтті. Халықаралық әйелдер күні мен «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған сайыс мақсаты салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеп, баскетбол ойынына деген қызығушылықту оятуды болды.


Тартысқа толы өткен баскетболшы арулар сайысының қорытындысында үшінші орынды Макаров мектебінің қыздары, екінші орынды Қасым Ахмиров мектебінің оқушылары еншілесе, аудан чемпионы атағы Переметный мектебінің қыздарынан құралған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасына бұйырды.

Сондай-ақ жарыс барысында жақсы ойын өрнегін көрсеткен А. Жүнісова, Н. Дәулеткереева мен О. Кузнецовалар чемпионаттың үздік ойыншыларына берілетін жүлделерді қанжығаларына басты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале