19.10.2016, 11:11
Оқылды: 40

Бастауыш партия ұйымы есеп берді

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d1%8b-%d0%b5%d1%81%d0%b5%d0%bf-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96   Жалпақтал мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы Жалпақтал бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

 «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бойынша есеп беру-сайлау жиналысы басталды. Есеп беру-сайлау жиыны атқарылған жұмыс көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қатар ішкі партиялық әрекеттер, жұмыс және сауалнама әдістерін жаңарту болып табылады.


Есеп-беру сайлау жиналысына «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы Марат Тоясов «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде: БПҰ төрағасының 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі атқарылған жұмысы жайлы, БПҰ Бюро мүшелерін және аудандық есеп беру-сайлау конференциясына өкілдерін сайлау сұрақтары талқыланды. Жалпақтал бастауыш партия ұйының төрағасы Мағауия Есмағұлов партиялық жобаларды жүзеге асыру, оқу-тәрбие жұмыстарын орындау, мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. жұмыстарының өтуі бойынша баяндап шықты. Жиын барысында өз тілектерімен Абылай Молдашев, Нұрхат Булаев сөз сөйледі. Ашық сайлау барысында БПҰ Бюро мүшесі және төрағасы болып Мағауия Есмағұлов қайта сайланды. Жалпы есеп беру-сайлау жиынына жақсы деген баға берілді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале