4.05.2016, 12:10
Оқылды: 24

Басқармаға жаңа басшы келді

 Baskarma    Кадрлық өзгерістерге байланысты Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов аталмыш басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

     -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңының 24-бабына сәйкес Қайсар Зәкірұлы Маңқараев 2016 жылдың 4 мамырынан бастап облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.


       Қайсар Маңқараев 1979 жылы дүниеге келген, қаржы-экономикалық білімі бар, экономист-бухгалтер. Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінде бастап, кейін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінде жұмыс істеді. «ҚР Парламенті шаруашылығы басқармасы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМКК директорының орынбасары, 2012 жылдан «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, төраға міндетін атқарушы болды. 2013 жылдан бері күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

      Арман Өтеғұлов жаңа тағайындалған басқарма басшысы Қ.Маңқараевтың ұжыммен тіл табысып, басқарма алдына қойылған міндеттерді сапалы орындап, облыстың бюджет қаражатын жоспарлау және оны тиімді игеру бағытындағы кәсіби жұмыстарына табыстар тіледі.

     Өз кезегінде Қайсар Маңқараев облыс басшысына жауапты қызметке тағайындап, сенім білдіргені үшін рахмет айтып, ұжыммен бірге жұмыс істеп, сенім үдесінен шығатынына сендірді.

     Бұған дейін аталмыш басқарма басшысы қызметін атқарған Бибігүл Қонысбаева қазір облыс әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале