15.09.2016, 12:54
Оқылды: 33

Басқарма басшысы сөгіс алды         

prokuraturaБүгін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Әлия Денизбаева осы жылдың 24 маусымында өткен алқа отырысының қорытындысы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.


-Облыстық прокуратурада 24 маусым күні өткен алқа отырысында тұрғындарға берілетін тегін медициналық  көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында халықты жұмыспен қамту орталықтарына бос жұмыс бар екендігі туралы мәліметті уақытылы және толықтай жолдау бөлігіне қатысты халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына жүргізілген тексерістердің нәтижелері қаралған болатын. Алқа отырысының соңында денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты анықталған барлық заң бұзушылықтар облыс әкімінің атына жазылған ұсыныста көрсетіліп, БҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменовті тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қойылды. Қадағалау актісін қарау нәтижесінде облыс әкімінің 20.07.2016 жылғы №166-ө өкімімен Қ.Ирменов сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы алғанда, аталған мәселелер бойынша заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 23 тұлға, тәртіптік жауапкершілікке 51 тұлға тартылып, 5 тұлға атқарып отырған лауазымынан босатылды,-деді  аға прокурор Әлия Денизбаева.

Айта кетейік, прокуратура қызметкерлерінің денсаулық сақтау ұйымдарына жүргізген тексерістері барысында тиісті рұхсатсыз медициналық көмек көрсету мен санитарлық ережелерді сақтау барысында құқық бұзушылықтар айқындалған болатын. Сондай-ақ дәрігерлік көмекті сапасыз көрсету, бюджет қаражаты есебінен сатылып алынған дәрілік құралдарды ақылы түрде тұрғындарға сату фактілері, есірткі құралдарын қолдану және психотропты заттарды қолдану барысында бірқатар заңсыз әрекеттер анықталған еді. Осы анықталған фактілерге байланысты Сырым және Бөрлі аудандарындағы орталық аурухананың басшылары мен үш медицина қызметкері жұмыстан босатылған.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале