30.05.2016, 19:27
Оқылды: 24

Басқарма жұмысы қанағаттанарлық деп танылды

baskarma (1)«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.


Қоғамдық кеңестің отырысында облыстың мәдениет саласында өткен жылы және биылғы жылдың 5 айы ішінде жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстары жайында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамаға сүйенсек, басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары бекітілген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына және өзге де заңнамаларға енгізілген өзгерістер емен толықтыруларды түсіндіру-насихаттау бағытында құқықтық оқытулар жүйелі  жүргізілуде. Сонымен қатар басқарманың  бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алу жұмыстарына қаржылық бақылау инспекциясымен тексерулер жүргізілген. Бақылау қорытындысымен мемлекеттік сатып алу нәтижесіне әсер етпейтін бұзушылықтар табылып, түзетілген. Сонымен қатар 6 млн. теңгеден астам мемлекет қаржысын жалақы және жолсапар шығындары ретінде пайда табу мақсатында негізсіз жұмсады деген күдікпен басқарманың  камералық оркестрінің басшысына қатысты қылмыстық іс қаралуда.

baskarmaАталмыш қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Иманғалиев басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағытында біркелкі жұмыстар атқарғанын атап көрсете келе, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» деген сөзді ести алмағанын, өңірдегі мәдениет, өнер ошақтарының тәрбиелік әлеуетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытына пайдалану қажеттігін ұсынды. Кеңес мүшелері де басқарманың жұмысына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстарына қанағаттанарлық деп тануға келісті.

Күн тәртібіндегі «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалында партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы  барысы туралы мәселе аудан әкімі Әділ Жоламановтың белгілі себептермен отырысқа қатыса алмауына  байланысты кейінге қалдырылды.

Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының бастығы Жанат Нұрмағамбетова бақылау-қадағалау органдарымен мемлекеттік мекемелерге қатысты негізсіз жүргізілген тексерістер туралы  хабарлама жасады. Оның айтуынша, негізсіз тексерістің өткен жылы  62, биыл 66 фактісінің тіркеу кезеңінде-ақ жолы кесілген. Аталмыш басқарманың қадағалау қызметінің нәтижесінде 2015 жылы 23 заңсыз тексеріс, анықталған, биыл ондай факті тіркелмеген. Тексеріс туралы актісіз қаржы бақылау инспекциясы Рубежка колледжін, Теректі аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы Алғабас бастауыш мектебіне тексеру жұмыстарын жүргізген.

Кеңес отырысы қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар алды.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале