18.01.2016, 15:30
Оқылды: 16

Бағдарлама бағыты жаман емес

ДКЗ 20208Зеленовта «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша өткен жылы 213,8 млн. теңгеге аудан орталығындағы аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіліп, жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адам жұмысқа тартылған.


Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамытуға несие алу үшін 50,3 млн. теңге бөлінген екен. Бағдарлама аясында 16 адам өз ісін кеңейтуге және 11 адам кәсібін ашуға несие рәсімдеген.

2015 жылға бағдарламаның ІІІ бағытының І шеңбері: оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуіне 7,6 млн. теңге бөлініп, кәсіптік оқуға жіберілген 26 адам оқуын аяқтап, 23-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале