26.02.2016, 19:59
Оқылды: 28

Бақылаушыларға арналған семинар-тренинг

 Nyrtasss   Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Астана қаласынан келген Сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілі Салтанат Әбдірованың қатысуымен алдағы сайлау барысын бақылаушы студенттерге арналған семинар-тренинг өтті.


Шараға сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы облыстық филиалының жетекшісі Вера Шохина және облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкин қатысып, жас бақылаушыларға олардың заңды міндеттері мен құқықтары жайлы әңгімелеп берді.

- Бүгінгі таңда облысымызда 734 сайлау комиссиясы бар. Оның бірі облыстық, тағы біреуі қалалық, 12-сі аудандық, 200 - і округтік және 520 - сы учаскелік сайлау комиссиясы. Өңірдегі сайлау комиссияларында барлығы 5138 адам жұмыс жасайды. Әр түрлі деңгейдегі депутаттыққа тіркелген кандидаттар саны - 616. 24 ақпаннан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт жұмыстары басталды. Сайлау туралы Заңда көрсетілгендей бақылаушылар өз жұмысы барысында ескеруі қажет бірқатар мәселелер бар. Мәселен, сайлау процесіне кірісіп, кедергі жасауға, сайлау комиссиясының төрағасына ескертпе жасауға болмайды. Бақылаушы Сайлау туралы конституциялық Заңды білуі шарт, - деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале