6.11.2015, 17:19
Оқылды: 19

«Белорус» этномәдени күні» аталып өтті

беларусы   Қаламыздағы Жастар шығармашылығы орталығында Қазақстан Ассамблеясының жылына орай белорус халқы этномәдени орталығының  «Дажынки» ұлттық мерекесі қарсаңында  «Белорус» этномәдени күні» аталып өтті.

Атаулы күнге жиналған көпшілік ең алдымен «Грамада» белорус халқы этномәдени орталығының көрмесін тамашалады. Көрмеде ағаштан, түрлі моншақтардан, былғарыдан жасалған көптеген қолөнер бұйымдары, кітаптар, түрлі сурет картиналары  жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.  Фойеде ұлттық киімдегі белорус ұлтының арулары  келушілерге ұлттық тағамдарынан дәм таттырды.

Жиында сөз алған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ. Қапақов  салтанатты шараға қатысушылар мен  белорус халқының өкілдерін белорус халқының ұлттық мерекесімен құттықтады.

Одан әрі «Грамада» белорус халқы этномәдени орталығының төрағасы Михаил Беляев Қазақстандағы әр түрлі ұлтқа көрсетіліп жатқан құрметтің бәрі Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы  екендігін айтып өтті.

       www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале