27.04.2016, 15:38
Оқылды: 24

Бережақтарды уақтылы қайтаруды тапсырды

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиев 2012 жылдан бастап «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алып, өз кәсібін ашқан аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

    Аудан басшысының төрағалығымен өткен аталмыш жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова мен жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Кентоғаева, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.


     Алғаш болып сөз алған Санжар Жұматайұлы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті тілге тиек   ете келіп, бірақ оның қайтарымы бар екенін кәсіпкерлердің есіне салды. Осы уақытқа дейін  несиені уақтылы қайтармағандарды сынға алды. Бірлескен несие серіктестіктеріне қажет болса төлемеген кәсіпкерлердентиісті сомманы сот арқылы өндіруге ұсыныс берді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл ЖӘРДЕМОВА

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале