11.06.2015, 17:55
Оқылды: 22

Бидай сұрпын жаңарту заман талабы

Astik bidai    Сәрсенбіде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Байер Каз» ЖШС ұйымдастырған семинар-кеңесте аса құрғақшылық жағдайда күздік дақылдарды өсірудің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Зеленов ауданына қарасты Раздольный ауылында өткен бұл жиынға облыстық мемлекеттік орган қызметкерлері, жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері, Алматы және Ақтөбе облыстарындағы шаруашылық басшылары қатысты. Семинардың алғашқы бөлімінде сөйлеген «Достық» шаруа қожалығының басшысы Владимир Шевчук қожалық жұмысы жөнінде баяндаса, «Байер Каз» ЖШС-ның өңірлік өкілі Алдаберген Нұғманов ылғалдылықты үнемдеу және күздік бидай егу кезінде гербицидтерді қолдану тәсілі жөнінде әңгімеледі.

Бұдан соң  аталмыш шараға арнайы шақырылған ресейлік ғалымдар сөйлеп, семинар қатысушыларын дәнді дақылдарды өсірудің жаңа технологиясымен таныстырды.  Мысалы, «Бурдыгинское» ЖШС-ның бас директоры Александр Жилников күздік бидайдың биоклиматтық әлеуеті және аса құрғақшылық жағдайда оны жүзеге асыру жолдары жөнінде әңгімелесе, Нижневолжский ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Виктор Буянкин қазақстандық шаруаларға жерді тиімді пайдалану  тәсілін ұсынды. Сондай-ақ Ресейдің Оңтүстік-Шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Рим Сайфуллин Қазақстанның аса құрғақ аумағына дәнді дақылдар ішінде «Белозерная рожь» сұрыпының төтеп беретінін айтып,  жиналғандарға оны өсірудің технологиясын түсіндірді.

www.zhaikpress.kz

Айша  ӨТЕБӘЛІ

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале