23.11.2015, 11:29
Оқылды: 17

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы басталғалы 53,4 млрд. теңгеге 482 жоба мақұлданды

B jol kartasi  Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 53 428,2 млн. теңгеге 482 жоба мақұлданды.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарына сәйкес несиелердің пайыздық мөлшерлемесін демеуқаржыландыру бойынша 2010 жылы 5585,6 млн. теңгеге 21, 2011 жылы 4119,90 млн. теңгеге 36, 2012 жылы 13951,5 млн. теңгеге 105, 2013 жылы 13103,30 млн. теңгеге 64, 2014 жылы 6716,8 млн. теңгеге 86 және биыл 4269,3 млн. теңгеге 79 жоба қолдау тапты.


Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында 2010 жылы 148,5 млн. теңгеге 3, 2011 жылы 570,6 млн. теңгеге 7, 2012 жылы 176,5 млн. теңгеге 3, 2013 жылы 1950,9 млн. теңгеге 34, 2014 жылы 2705,8 млн. теңгеге 37, 2015 жылы 129,5 млн. теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды.

Инфрақұрылым жүйелерін тарту бағытында 2011 жылы 235,61 млн. теңгеге 5, 2012 жылы 410,6 млн. теңгеге 7, 2013 жылы 1087,4 млн. теңгеге 25, 2014 жылы 447,6 млн. теңгеге 17 жоба мақұлданды.

Бизнесті сервистік қолдау аясында 2010 жылы 762, 2011 жылы 2793, 2012 жылы 5188, 2013 жылы 4779, 2014 жылы 2019, 2015 жылы 714 жобаға ашылды.

Сонымен қатар 2012 жылдан бері бағдарлама аясында гранттар беріліп келеді. Атап айтқанда, 2012 жылы 30 млн. теңгеге 9, 2013 жылы 60 млн. теңгеге 18, 2014 жылы 11 млн. теңгеге 7, биыл 11 млн. теңгеге 11 грант үлестірілді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале