2.12.2015, 11:02
Оқылды: 22

Боз кілемнің боздақтарына арналды

Sirim kyres  Көзі тірісінде ел сенімін ақтаған спорт саңлақтары, самбо күресінен әлемге танымал, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті, Батыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін түйе палуаны, «Сырым» күресі мектебінің негізін салушы Оралбек Қожагелдинді, самбо күресінен Азия чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азат Қасымовты еске алуға арналған ауданда кең көлемді шара өтті.


 

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбеков Оралбектің жары Сәуия, Асқардың баласы Асхат, інісі Тимур, ұрпақтары мен тума-туыстарын қабылдап, сый-сияпат жасады. Шараға БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, Қаратөбе ауданының әкімі, ҚР Дзюдо және самбо күресінен еңбек сіңірген спорт шебері Асхат Шахаров, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті Қаймен Есендияров, облыстық қазақ драма театрының «Әдебиет» бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Қанапия Қайыпбергенов, ардагер-спортшы Чапай Иманғалиев қатысты.

Аудан әкімі  Абат Абайұлы ұйымдастырылып жатырған турнирдің жас балуандардың бағын ашуда маңызы зор екенін, жауырындары жерге тимеген палуандардың жетістіктерін бүгінгі жас спортшыларға үлгі екенін, жыл сайын турнир ұйымдастырылып тұратындығын айтты. Келген қонақтар өткенге ой жүгіртіп, естеліктерімен бөлісті.

Бұдан кейін дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Асқар Шайхиевті, Оралбек Қожагелдинді, Азат Қасымовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен облыстық ашық турнир салтанатты түрде ашылды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, Қаратөбе ауданынң әкімі, ҚР дзюдо және самбо күресінен еңбек сіңірген спорт шебері Асхат Шахаров, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті Қаймен Есендияров ұйымдастырылған облыстық турнир жас спортшыларды шыңдау ретінде жастар жадында мәңгі қалдыру мақсатында өткізіліп отырғандығын айтты. Оралбектің жұбайы Сәуия, Азаттың досы Дархан Бисенғалиев айтулы шараның ұйымдастырылып отырғандарға ризашылығын білдірді. Осы орайда аудан әкімі Абат Шыныбековке дене шынықтыру мен спорт салаларын дамытып, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті атынан «Құрмет грамотасы», БҚО қазақ күресі федерациясы атынан «Алғыс хат»  табысталды.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Ерниязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале