29.03.2016, 18:46
Оқылды: 17

Боксшылар табысы

Boks zelenov   Ербол Сарбасов  пен Асхат Рыспаевтан тәлім алатын Зеленов ауданының боксшылары екі бірдей жарыстан жүлделі оралды. Алдымен Бөрлі ауданы Ақсай қаласында өткен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігінен Өмірбек Ермекқалиев пен Мақсат Бекболатов үшінші, Нұрдәулет Мақсотов екінші орынды қанағат тұтса, Ерғали Қабенов жарыс жеңімпазы атанды.


Сондай-ақ дәл осы Ақсай қаласында өткен 1998-1999 жылы туылған боксшы жастар арасындағы біріншілікте Жасұлан Рақымжанов пен Назар Мұғапар жүлделі үштіктен көрінді. Шағын ғана Достық ауылында жаттығатын жас боксшылар болашақта талай белесті бағындырады деген сенімдеміз.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале