7.08.2015, 13:56
Оқылды: 30

Болашақтың алқабында қызу жұмыс

Baksha barisindagi kizu jumis   Жаз айлары аяқталған шақта даладағы дихан еңбегі қызады бірі егін оруға кіріссе, бірі бау-бақшадағы өнімдерді жинау қамымен әлек болады. Зеленов ауданында да дала жұмыстары қызды. Аудан аумағында бақша егіп, нәпақа тауып отырған шаруашылықтардың бірі Нұрхат Өтешев атты іскер азамат басқаратын «Болашақ» шаруа қожалығы. Көшім ауылы маңына бақша отырғызған қожалыққа барғанымызда Нұрхат ағамыз орнында болмай шықты. Дегенмен қарсы алған Сыраш есімді жігіт өзін бригадирмін деп таныстырды. Бізді бақшаның жай күйімен таныстырған Сыраш бауырымыздың айтуынша биыл өнім жаман емес екен. Жиналған көкөністі өткізуде де қиыншылықтар кездеспейтін көрінеді. «Осы уақытқа дейін қияр өткіздік. Қазір қауын мен қарбыз жинап жатырмыз. Қарбызды 30, қауынды 50 теңгеден тапсырамыз. Өтім жаман емес.»,-дейді бригадир Сыраш.

Бақша басында жұмыс жасап жүрген жандардың көбі жергілікті тұрғындар ауылдық округке қарасты Жаңатаң, Шаған ауылдарынан келіп еңбек етіп жүр. Барлығы да шаруашылық басшысына разы жалақыларын да уақтылы

басталады. Ал күзге қарай картоп,сәбіз бен қызылша жиналатынын ескерсек бұл жердегі жиырма шақты ауыл тұрғынына әлі біраз уақыт жұмыс болады деген сөз.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале