4.12.2015, 12:43
Оқылды: 25

Болашаққа нық қадам

Terekti joldau akim   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жұртшылық әдеттегідей жылы қабылдады. Елбасымыз бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын әрі алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін атап өтті.

Осындай дағдарыс кезеңінде мойымай, алға басудың, өркендеудің жолын ұсынды. Экономикалық бәсекелестікті ынталандырудың 7 инновациялық шешімімен қатар, білім-ғылымды дамыту, денсаулық, көнекөз қарияларымызға көңіл бөлу сынды маңызды тақырыптарға да тоқталды. Кәсіпкерлер де назардан тыс қалмады.


 

Әсіресе, жастарға қарата айтқан сөзі өте орынды болды. Қазір – ақпарат заманы. Секунд сайын әлемде ғылыми жаңалықтар ашылуда. Сол себептен Елбасы жастардың белсенді болып, жауапкершілікті сезіне батыл қадам жасауын мақұлдап отыр. Болашақта кәсібі біліктілігі арттыру үшін жоғары оқу орындарында тегін білім беру жүзеге аспақ. Талқыланған мәселелер жастардың рухын көтеріп, жігерлендіргеніне сенімдімін.

Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақылар орташа есеппен 30 пайызға көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне кепіл.

Иә, бәріміз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» осынау аумалы-төкпелі заманға сай өмір сүру, өсіп-өну амалын тапсақ, мұртымызды балта шаппасы анық. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, қоғамның әрбір мүшесі асқан жауапкершілікпен Отан алдындағы міндетін орындаса нұр үстіне нұр болар еді.

www.zhaikpress.kz

Жеңіс Серікқалиев

Теректі аудан әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале