24.07.2015, 16:07
Оқылды: 19

«Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз!» атты спорт мерекесі

Akjayik salamatti omir saltin koldaimiz    Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Жастар» спорт алаңынан бірнеше сағат бойы ерекше жарыстардың дүбірі жаңғырды. «Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз!» атты шараларға 11 команда, оның ішінде аудан әкімі аппаратынан команда қатысты. Ойыншыларды және қалың жанкүйер, көрермен көпшілікті аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі.

Тартымды да тартысты өткен бәсекелер қорытындысында айталық, мысалы, шағын футболдан «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі, стритболдан ерлер арасында №24 өртпен күрес бөлімі, әйелдер арасында Чапаев әкімі аппараты, арқан тартудан «Батыс Марқа Ламб» ЖШС командасы топжарды. Городки, асық ату, армрестлингтен де бәсекелер қызды. Жүлдегер командаларға, жекелеген ойыншыларға да бағалы сыйлықтар тапсырылды. «Жастар» спорт алаңында басқа күндерде де еңбек ұжымдары, үлкен-кіші тұрғындар үшін мұндай шаралар ұйымдастырылып келеді. Ауданның бірнеше ауылында да осындай жарыстар өткізілуде.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале