18.05.2015, 17:57
Оқылды: 20

Біріккеннің ұтары көп

ZH   15 мамыр күні Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында «Қаратөбе» ауылшаруашылығы несие серіктестігі мүшелерінің отырысы оздырылды.

Күн тәртібінде несие серіктестігінің негізгі желісін молайту, серіктестікке мүшелерді тіркеу және кейбір жекелеген шаруа қожалығы иелерінің мүшеліктен шығу жай-жапсары қаралды.

Қаратөбе өңірінде 2012 жылы өз жұмысын жүргізе бастаған несие серіктестігінде бүгінде 31 шаруа қожалығы тіркелген.

Серіктестіктің басты мақсаты аудан аумағында агробизнесті дамыту, мал өсіру сапасын арттыру, асыл тұқымды мал басын көбейту, кәсібін кеңейтуді мақсат еткен жетекшілерге қолдау көрсету болып табылады.

   Серіктестік төрағасы Құсайын Мұқанов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Ерболат Оңғарбек сөз алып, елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» т.б. бағдарламалардың тиімділігі мен маңыздылығына тоқталды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале