2.03.2016, 11:18
Оқылды: 18

БҚО-да «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 317 жобаға 2438 млн.теңге демеуқаржы берілген

Screenshot_2016-03-02-11-08-26-1Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихаты «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасының БҚО-да жүзеге асу барысы» тақырыбына арналды. Оған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиал  директоры Иденов Ербол Асылбекұлы, субсидиялау және кепілдендіру бойынша бас менеджер Калишанов Нұржан Бауыржанұлы, құзіретті арттыру бағдарламалары жөніндегі менеджері Арнольд Әсел Махамбетқызы қатысты.


«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиал  директоры Иденов Ербол Асылбекұлының айтуынша, «БЖК 2020» Бірыңғай Бағдарламасының ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты қолдауға бағытталған «Жаңа бизнес жобаларды қолдау» бірінші бағыты аясында, жалпы құны 734 млн. теңге болатын 32 жобаға қол қойылған.

Екінші бағыт бойынша экономиканың басым секторында және өндіріс саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің жалпы несие портфелі 1903 млн. теңгені құраған 43 жоба қолдау тауып, қаржыландыру берілді. Кәсіпкерлердің несиелері бойынша төленген субсидияның жалпы құны 2015 жылы 1200 млн. теңгені құраған.

Ескере кететіні, 2015 жылдан бастап «БЖК 2020» ББ аясында ауыл кәсіпкерлері алған несиелерінің үстеме пайызын субсидиялау және ҮИИДМБ анықтаған басым бағыттарда жүзеге асқан өңдеуші өнеркәсіптік жобалар бойынша мемлекет 10% үстемені өтейді. «БЖК 2020» ББ бағдарламасы  750 млн. тенгеден және екінші бағыт бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспайтын несие пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды. Үстеме пайызды субсидиялау және несиелерді кепілдендіру құралдарын қолдану арқылы мемлекет екінші деңгейлі банктерді өңдеуші өнеркәсіп, тасымалдау пен ақпарат сияқты салаларды несиелендіру көлемін арттыруға қол жеткізді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезіндегі өзекті мәселе ретінде қарастырылатын кепілзаттың жетіспеуі бөлшек кепілдендіру бағдарламасы арқылы табысты шешілуде.  Қордың  кепілдігі шағын және орта бизнес субъектілеріне екінші деңгейлі банктерден өз үлесіне тиесілі кепілмүліктен бірнеше есе артық көлемдегі қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекет шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру барысындағы туындайтын тәуекелді екінші деңгейлі банктермен бөлісе отырып, оларды бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерді несиелендіруді ынталандырады. Бөлшек кепілдендіру бағдарламасының қолайлы шарттарын қолданған кәсіпкерлер санының оң өсу динамикасы оның тиімділігін көрсетеді. Мысалы, 2014 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 32 кепілдендіру келісімшартына қол қойылса, 2015 жылы үшжақты кепілдендіру келісімшарты 50 шағын және орта бизнес  субъектілерімен жасалды және жобалардың жалпы құны 548 млн. теңгені құраған.

Өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің, соның ішінде жас кәсіпкерлердің, жобаларына берілетін кепілдендіру сомасы 85% көлемде болады және несие сомасы 20 млн. теңгеден аспауы тиіс. Ал ісін дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер 50%-ға дейін кепілдендіруге қол жеткізе алады және несие сомасы 180,0 млн.теңгеден  аспауы тиіс.

Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері 317 жоба бойынша субсидиялау келісімшарттар жасалды, несиелеу көлемі 22395 млн. теңгені құрады, Батыс Қазақстан облысы бойынша жобаларға барлығы 2438 млн.теңге субсидия төленді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале