27.04.2016, 18:14
Оқылды: 29

БҚО-да әкелі-балалы есірткі сатушылар ұзақ мерзімге сотталды

20160426170739    БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткіні заңсыз сақтап, өткізген әкелі-балалы Козловтарға қатысты үкімді жария етті.

     БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Евгений мен оның әкесі Валерий Козлов алдын ала сөз байласып, кептірілген марихуананы Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері іске қосқан сатып алушыларға өткізген. Өсімдік тектес есірткі заты ірі көлемде Е.Козловты ұстау кезінде және олардың мекенжайларынан да табылған.


     Сот үкімімен әкелі-балалы есірткі сақтап, сатушылар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі 1-тармағы бойынша айыпты деп танылды. В.Козлов мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ерекше тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды. Е.Козловқа дәл осындай жаза кесіліп, ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Е.Козловқа ҚР ҚК 60-бабы қолданылды, өйткені ол бұдан бұрын ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлімі «а, в» тармақтары, 24-бабы 3-бөлімі, 178-бабы 2-бөлімі «а, б, в, г, д» тармақтары, 120-бабы 1-бөлімі бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылып, өткен жылы 27 наурызда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған (жазасының өтелмеген мерзімі - 1 жыл 7 ай 14 күн) болатын.

     Сот үкімді тағайындағанда олардың қылмыстарының қауіптілігін ескерді, сонымен қатар сотталушылар жазасын өтеу орнында нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделетін болады.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале